Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш кенті әкімінің 2015 жылғы 17 қарашада N 142 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 желтоқсанда N 5238 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 27 тамыздағы № 3 қорытындысына сәйкес Жалағаш кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің келесі көшелері:
      1) "Автобаза" көшесі "Орынбай Сарманов" есімімен;
      2) "Лагерь" көшесі "Абдулла Нұрғалиев" есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш кентінің әкімі Қ. Құлмахан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады