"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Жаңақорған ауданы мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 212 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 275 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 сәуірде № 4941 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 343 шешімімен

      Ескерту . Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 24.12.2015 № 343 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Жаңақорған ауданы мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 212 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4700 тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінде 2014 жылғы 28 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы";
      кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      көрсетілген шешіммен бекітілген қағиданың атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары";.
      көрсетілген шешіммен бекітілген қағидасында:
      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "8) уәкiлеттi орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;".
      6-тармақ мынадай 12 -1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балалар";
      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда 1941 жылғы 22 маусым –1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – бір жолғы көмек 150 000 теңге.";
      мынадай 12-1 тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрімектер алуға әлеуметтік көмек ай сайын шекті шама 7,6 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Жаңақорған ауданы мәслихатының Жаңақорған ауданы
      кезектен тыс ХХХХІ сессиясының мәслихатының хатшысы
      төрағасы
      С. Ибрагимов А. Налибаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының
      жұмыспен қамтуды үйлестіру
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Ж. Жылқышиева ___________
      "31" наурыз 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады