Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 343 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 5305 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 01-01-03/86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 01-01-03/86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жерілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы қаулысына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы бекітілсін.
      2. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 212 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4700 болып тіркелген, 2014 жылдың 28 маусымда "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) және 2015 жылғы 31 наурыздағы № 275 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 212 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4941 болып тіркелген, 2015 жылы 11 сәуірде "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақорған аудандық Жаңақорған аудандық
      мәслихатының кезекті ХLІХ мәслихаты хатшысының
      сессиясының төрағасы міндетін уақытша атқарушы
      С. Абдуллаев С. Ысқақов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М.Делмұханов _______________
      24.12.2015 жыл

  Жаңақорған аудандық мәслихатының
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 343 шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Әлеуметтік көмек Жаңақорған ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санатарына көрсетіледі.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
      1) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша аудан әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
      4) жергілікті атқарушы орган – Жаңақорған ауданының әкімдігі (бұдан әрі-ЖАО);
      5) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
      7) Өрлеу жобасы – отбасының еңбеккке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның),
      әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
      8) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
      9) уәкiлеттi орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті Жаңақорған аудандық бөлімшесі;
      11) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) - отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
      13) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi;
      14) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – ШАК тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      15) Отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 26.08.2016 № 01-01-03/49 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қағиданың мақсаты үшін әлеуметтiк көмек ретiнде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсініледі.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы қағидада көзделген тәртiппен көрсетiледi.
      6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:
      1) Ұлы Отан соғысы қатысушылары және мүгедектері;
      2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар, оның ішінде:
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери -Теңiз флотының, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлігінiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар, оның ішінде:
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;
      әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
      Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар;
      4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдар;
      5) "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі - "Халық қаһарманы" атағына, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтар;
      6) мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеушілер, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалар;
      7) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;
      8) "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
      9) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
      10) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
      11) жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылары;
      12) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтар;
      13) гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балалар;
      14) әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан білім алушы студенттер, атап айтқанда:
      бала кезінен мүгедектер, мүгедектер, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар;
      жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
      көп балалы отбасылардың балалары;
      ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын балалар;
      ата-анасының біреуі немесе екеуі І және ІІ топтағы мүгедек болып табылатын балалар;
      оралмандардың отбасылары;
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар.
      Адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) отбасының жан басына шаққандағы табысы күнкеріс деңгейінің 60 пайызынан аспаған жағдайда.
      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде аудан мәслихаты бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      8. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
      9. Әлеуметтік көмек атаулы күндер мен мерекелік күндерге келесі мөлшерде:
      1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда 1941 жылғы 22 маусым –1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – бір жолғы көмек 150 000 теңге;
      2) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай:
      саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш;
      3) 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай:
      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлігінiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне;
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;
      әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға- 30 айлық есептік көрсеткіш;
      4) 26 сәуір- Чернобыль АЭС-інде апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай:
      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға 30 айлық есептік көрсеткіш;
      5) 29 тамыз- Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай:
      Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      10. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, әлеуметтік қолдау ретінде, жылына бір рет 40 айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын мөлшерде;
      "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі – "Халық қаһарманы" атағына, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған азаматтарға ай сайын 1,9 айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
      11. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек білім беру кезеңіне тоқсан сайын 9 айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
      12. Өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге әлеуметтік көмек, жылына бір рет 10 айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
      13. Әлеуметтік көмектің, әлеуметтік келісім шарт негізіндегі ШАК басқа, шекті мөлшері – 55 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.
      14. Табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек үшін өтініш білдіру мерзімі- табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш ай ағымында.
      15. Әрбір жекеленген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің, әлеуметтік келісім шарт негізіндегі ШАК басқа, мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмекті көрсету қажеттілігі туралы қортындыда көрсетеді.
      Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, Астанада) белгіленген ең төменгі күнкөріс дейгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
      16. Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға, қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
      17. Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрімектер алуға әлеуметтік көмек ай сайын 7,6 айлық есептік көрсеткіштерден аспайтын мөлшерде көрсетіледі.
      18. Орта білім алғаннан кейін "Бакалавр" академиялық дәрежесін алу үшін, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған "Магистр" академиялық дәрежесін алу үшін және Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын дайындау үшін, өңірге қажет мамандықтар бойынша, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек аудан жастарына тағайындалады.
      Студенттерге әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жылына бір рет оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі төлемдерді және тамақтану мен тұру шығындарын өтеуге көрсетіледі.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 26.08.2016 № 01-01-03/49 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда не әлеуметтік мәні бар аурулары болған жағдайда, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға әлеуметтік көмек, жылына бір рет, отбасының әрбір мүшесіне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бірақ 160 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын соманын шегінде көрсетіледі.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      20. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
      21. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауылдық округтің әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
      3) Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
      Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      22. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
      23. Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
      24. Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткерге "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді және үміткер қатысуға келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізеді.
      Әңгімелесу жүргізу кезінде:
      үміткердің ШАК алуға құқығы;
      2) Отбасы мүшелеріне олардың жеке мұқтаждықтары ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері;
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
      25. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi. Кент, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
      26. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
      27. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
      28. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      29. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
      30. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы Қағиданың 19 және 20-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету, не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      31. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
      Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
      32. Жан басына шаққанда орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      Бұл ретте отбасының жан басына шаққандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережісіне сәйкес жүзеге асырылады.
      33. ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
      ШАК-тың бір жолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуы тиіс.
      34. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда;
      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарғанда;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      35. Әлеуметтiк көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады;
      5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты және /немесе әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерін орындамауы және бұзылуы.
      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      36. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау

      37. Уәкілетті орган:
      1) құжаттарды ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтінш беруші ұсынған өтініштің құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне арналған ШАК-тың айлық мөлшерін айқындайды;
      2) ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде осы Қағиданың 40-шы тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2 топтағы мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзгеде шараларына жолдама береді.
      Бұл ретте уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) жасасады және әлеуметтік келісім шарттың (келісімшарттардың) көшірмесін уәкілетті органға жібереді;
      әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін алғаннан
      кейін екі жұмыс күн ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін жеке жоспарды және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шартын жасау үшін шақырады;
      38. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын (отбасында осындай бейімделуге мұқтаж адам болған жағдайда) жеке жоспар өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының ажырамас бөлігі болып табылады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты тараптардың "Өрлеу" жобасына қатысу міндеттемелерін, сондай-ақ скринингтік тексеруден өтуге, әлеуметтік мәні бар аурулардан (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) емделуге бейімділігі, жүктіліктің он екі аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылуда болу бойынша міндеттемелерді қамтиды.
      39. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.
      40. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
      стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.

6. Әлеуметтік көмекті төлеу және қаржыландыру

      41. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда әлеуметтік көмек алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы есеп шоттарына ақшалай сомаларды аудару жолымен жүргізіледі.
      42. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.
      43. Әлеуметтік көмек беруге шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетінде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

7. Қорытынды ереже

      44. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындау қағидасына
1-қосымша

      Отбасыны тiркеу нөмiрi ____________

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

      _________________________ ________________________
      (Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен жайы, тел.)

Р/с

Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.
Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы
Туған жылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Өтiнiш берушiнiң қолы __________________ Күнi ______________
      Отбасының құрамы туралы мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
       (қолы)

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындау қағидасына
1-1-қосымша

"Өрлеу" жобасына қатысу үшін әңгімелесу парағы

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. _____________________________________________________________________________
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген қүн _____________________________________________________________________________
      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: _____________________________________________________________________________
      Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):

Отбсы мүшелері

Кәсібі

Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері

Жалпы жұмыс өтілі

Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі

Еңбек дағдылары және шеберлігі

Жұмыссыздық кезеңінің
ұзақтығы

Өтініш беруші

 

 

 

 

 

 

Зайыбы (жұбайы)

 

 

 

 

 

 

Басқа
ересектер

 

 

 

 

 

 

      Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
      Өтініш беруші: _____________________________________________________________________________
      Зайыбы (жұбайы): _____________________________________________________________________________
      Отбасының басқа да ересек мүшелері: _____________________________________________________________________________
      Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас__________________________________
      Отбасының қиындықтары _____________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманың бағасы ___________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________
      Проблемалар, мазасыздық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
       Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы _____________________________________________________________________________
      Басқа_____________________________________________________________________
      Тараптардың қолы
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы (лар) бағдарламалар бөлімі ____________________________ (қолы) _________________ (қолы)
      ____________________ _______ (күні) _________________ (күні)

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындау қағидасына
1-2-қосымша

"Өрлеу жобасына қатысуға өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама

Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер:

Т.А.Ә.

Туған жылы

Туыстық қатысы

Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала)

Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны

15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі)

 

 

өтініш беруші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма? __________________________________________________________________

өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректершартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады
р/с №

өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің
Т.А.Ә.

Жұмыс, оқу орны (жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасымен тіркелу фактісін растайды)

Құжаттамалық расталған табыс сомалары

Өзге де мәлімделген табыстар

Еңбек қызметінен түскен

Зейнетақылар, жәрдемақылар

Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс

Шәкіртақылар

Алименттер

Өзге де табыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
      Тұрғын алаңы: _____________ шаршы метр;
      меншік нысаны:____________________________________________________ ________________________________________________________________;
      Ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _________________;
      Тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда,жөнделмеген);
      қажеттісінің астын сызу
      үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, сабан, іргетасы жоқ саман, қол астындағы____ материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);____________________________________________
      қажеттісінің астын сызу
      тұрғын үйдің жабдықтары (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.( қажеттісінің астын сызу)
      __________________________________________________________________________
      Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иелену туралы мәліметтер:

Мүліктің түрі

Мүліктің сипаттамасы
(саны, көлемі, үлгісі және т.б.)

Тиесілігі

 

 

 

      Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы (тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды, диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе жарақаттар:
__________________________________________________________________________
өтініш беруші зайыбы (жұбайы) балалар басқа да туысқандар _________________________________________________________________________
16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының метериалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
□ тамақтануға да жетпейді
□ тамақтануға ғана жетеді
□ тамақтануға және басқа қажеттілік заттарына ғана жетеді
□ балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз :
□ бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;
□ іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналастыру;
□ микрокредит беру;
□ кәсіптік оқыту (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
□ әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;
□ "жастар практикасына" қатысу;
□ әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу
__________________________________________________________________________________________ ____________________________
(күні) (Т.А.Ә.) (подпись)

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген cанаттарының
тiзбесiн айқындау қағидасына
2-қосымша

Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТIСI

       20__ ж. "___" _______ _____________________
      (елдi мекен)1. Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _____________________________________________________________________________
      2. Тұратын мекенжайы _____________________________________________________________________________
      _________________________________________________________________________
      3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк қиын жағдай ________________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледi) _____ адам, оның iшiнде:

Р/с


Т.А.Ә.

Туған күнi

Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебi

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер

Өмiрлiк қиын жағдай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Еңбекке жарамды барлығы______________адам. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi____адам. Балалардың саны: _____жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар___адам, оқу құны жылына ____ теңге. Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы аурулары (қатерлi iсiктер,туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________
5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған,жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
_____________________________________________________________________________Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының табысы:
      

Р/с


Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә.

Табыс түрi

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      6. Мыналардың: автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс) ____________________________________________________________________________ _____________________________________ қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс) _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):
      8. __________________________________________________________________
      9. __________________________________________________________________
      10. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      11. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен қамтамасыз етiлуi _________________________________________________________________
      12. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы __________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:________________________ ________________________
      Комиссия мүшелерi:________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)
      Жасалған актiмен таныстым: ____________________________________
      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы
      Тексеру жүргiзiлуден бас тартамын ____________________________________________________
      өтiнiш берушiнiң (немесе отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң) Т.А.Ә. және қолы, күнi
_______________________________________________________________
      (өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындау қағидасына
3-қосымша

Учаскелiк комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. "___" ______
      Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидасына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)
_____________________________________________________________________________
      (өтiнiш берушiнiң тегi, аты,әкесiнiң аты)
      Өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде
__________________________________________________________________________
      (қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
      адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
      Комиссия мүшелерi: __________________ ___________________________
      __________________ ___________________________
      ____________________ ___________________________
      _____________________ ___________________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)
      Қорытынды қоса берiлген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________ қабылданды
      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң немесе уәкiлеттi орган қызметкерiнiң Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады