2016 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы N 342 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қаңтарда N 5302 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Жаңақорған ауданындық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2016 жылға Жаңақорған ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім берудің педагог қызметкерлеріне, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауданы
      мәслихатының кезекті ХLІХ мәслихаты хатшысының
      сессиясының төрағасы міндетін уақытша атқарушы
      С. Абдуллаев С. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады