"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 224 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 296 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 4949 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 344 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 26.11.2015 № 344 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 224 шешiмiне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 16 сәуірде № 4635 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінде 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 29 санында жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі нұсқасының тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы";
      көрсетілген шешіммен бекітілген қағиданың мемлекеттік тілдегі нұсқасының атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
      "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары";
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
      2-тармақтың 8) -тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "8) уәкілетті орган –жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";
      6-тармақ 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "12-1) гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балалар";
      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда 1941 жылғы 22 маусым –1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – облыстық бюджеттен бөлінген қаржы шегінде біржолғы әлеуметтік көмек";
      келесі мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрімектер алуға әлеуметтік көмек ай сайын шекті шама 7,6 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі".
       Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихаттың кезекті Аудандық мәслихаттың
      ХХХХ сессиясының төрағасы хатшысы
      А.Камалатдин__________ Б.Маншарипов___________
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________ Ж.Жылқышиева
      "27" наурыз 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады