"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Қазантаев |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "03" желтоқсандағы № 396 қаулысымен бекітілген |
"Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сырдария ауданының әкімдігі болып табылады.
3. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Азатбақыт Әлиакбаров көшесі № 22/1, индекс 120600.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
"Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:
1) дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
13. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:Құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыру.
Міндеттері:
1) құрылыс саласында елді мекендердің өмір тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүргізу.
2) бөлім бюджеттік қаржы есебінен қаржыландырылатын құрылыс саласы бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болады.
3) аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу.
16. Функциялары:
1) құрылыс саласы бойынша мемлекеттің саясатын ведомствалық аумағында жүзеге асыру;
2) құрылыс саласы бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау;
3) құрылыс саласы бойынша бюджеттік бағдарламаны дайындау және жүзеге асыру;
4) уәкілеттік органның белгіленген басқа да бюджеттік бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру;
5) белгіленген тәртіпте қызмет және тауар, жобалық және басқа да жұмыстардың сатып алуы бойынша мемлекеттік сатып алулар өткізу;
6) әр түрлі келісім шарттар жасау, оның ішінде мердігерлік келісім шарттары;
7) белгіленген тәртіпте салынып жатқан объектілерде техникалық бақылау жүргізуге тұлғаларды тарту;
8) құрылыс объектілерінде құрылыстың жүруіне жалпы бақылау орнату;
9) құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға беруге байланысты жұмыстарды ұйымдастыру;
10) құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау туралы жұмысшы және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
11) құрылысы салынатын және салынып жатқан (реконструкциялау, кеңейту, модернизациялау) және құрылысы жоспарланған объектілер мен комплекстерге мониторинг жүргізу;
12) бөлінген және қаржыландырылған бюджеттік қаржының қатаң есебін жүргізу, бақылау және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;
13) әр түрлі семинарлар, көрмелер, басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу;
14) белгіленген тәртіпте шетелдік және басқа да инвестицияларды тарту жұмыстарына қатысу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады;
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.20. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Сырдария ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) сенімхатсыз бөлім атынан іс-әрекет жүргізеді;
2) бөлімнің мүддесін қорғайды және ұсынады;
3) контрактілер мен келісім-шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) бөлім жұмысының жоспарын бекітеді;
6) бөлім бойынша іссапар, тағылымдама, қызметкерлерді оқыту және басқа да қызметкерлерді мамандығын көтеру орталықтарында оқыту жоспары мен тәртібін бекітеді;
7) бөлім бойынша бұйрықтар шығарады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бөлім қызметшілерін қызметке тағайындайды және босатады;
9) бөлім қызметшілерінің міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
10) бекітілген тәртіпте бөлім қызметшілеріне ынталандыру және тәртіптік шаралар қолданады;
11) бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;
12) өз құзіреті шегінде гендерлік теңдік саясатын және басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
"Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігімен оның ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сырдария аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.