Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 30 шілдедегі № 18/276 "Амбулаторлық емдеу барысында азаматтардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектерді қосымша тегін ұсыну туралы" шешіміне өзгеріс пен толыөтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/358 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 сәуірде № 2656 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/446 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.08.2020 № 37/446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 30 шілдедегі № 18/276 "Амбулаторлық емдеу барысында азаматтардың жекелеген санаттарына дәрі-дәрмектерді қосымша тегін ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2489 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      амбулаторлық емдеу барысында Маңғыстау облысындағы азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша тегін ұсынылатын дәрі-дәрмектердің тізіліміндегі "Мультифокалдық дистония" деген 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мультифокалдық, краниалдық дистония";

      амбулаторлық емдеу барысында Маңғыстау облысындағы азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша тегін ұсынылатын дәрі-дәрмектердің тізілімі мынадай жолдармен толықтырылсын:

      "

7

Психикалық ауру

Миртазапин, 30 миллиграмм

8

Ювенилдық артрит

Тоцилизумаб, 80 миллиграмм/4 миллилитр

9

Глюкоза мен галактозаға төзе алмаушылықтың панкреатиттік формасы

Панкреатин, шағын микросферадан тұратын ішекте еритін қабықтағы капсула, 150 миллиграмм

9

Өкпе артериялық гипертензиясы

Бозентан, 125 миллиграмм


      ".

      2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Дербісов

Облыстық


мәслихат хатшысы

Б. Жүсіпов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Р.Ф. Бектубаев

      27 ақпан 2015 жыл.

      "Маңғыстау облысының экономика

      және бюджеттік жоспарлау

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      И.И. Құрман

      27 ақпан 2015 жыл. Ор

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады