Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2011 жылғы 2 тамыздағы № 25-02-01-25/962-И келісілген жаратылыстану – ғылыми және техникалық – экономикалық негіздемелерінің, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен 2013 жылғы 8 қазандағы № 15-02-32/1992-КЛОХ келісілген техникалық – экономикалық негіздемесінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен 2014 жылғы 11 қарашадағы № 15-03-21/78-КЛХЖМ келісілген техникалық – экономикалық негіздемелерінің негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау ауданы аумағында жалпы алаңы 160 086,48 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар Тасорпа мемлекеттік табиғи қаумалы;
жалпы алаңы 316 141,0 гектар, оның ішінде: Маңғыстау ауданы аумағында 30 841,0 гектар, Қарақия ауданы аумағында 285 300,0 гектар жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар Жабайұшқан мемлекеттік табиғи қаумалы;
Қарақия ауданы аумағында жалпы алаңы 68 374,3 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар "Адамтас" мемлекеттік табиғи қаумалы;
Бейнеу ауданы аумағында жалпы алаңы 58 922,8 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар "Көлеңкелі" мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы;
Бейнеу ауданы аумағында жалпы алаңы 146 790,0 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар "Есет" мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы;
жалпы алаңы 172 573,2 гектар, оның ішінде: Бейнеу ауданы аумағында 53 587,7 гектар, Маңғыстау ауданы аумағында 118 985,5 гектар, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан жергілікті маңызы бар "Манашы" мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы құрылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 04.10.2022 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Тасорпа", "Жабайұшқан", "Адамтас", "Манашы" мемлекеттік табиғи қаумалдары Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына және "Көлеңкелі", "Есет" мемлекеттік табиғи қаумалдары Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілсін.
Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 28.09.2022 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Ж. Ұлықбанов):
осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (И.Ы. Құрман) көрсетілген мемлекеттік табиғи қаумалдарды ұстауға қаражат қарастырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бейнеу ауданының әкімі
Б.А. Әзірханов
24 ақпан 2015 ж.
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитетінің Маңғыстау облыстық
орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т. Қалжанұлы
24 ақпан 2015 ж.
Қарақия ауданыныңәкімі
Ә.Қ. Дауылбаев
24 ақпан 2015 ж.
Маңғыстау ауданының әкімі
Ж.Қ. Айтуаров
24 ақпан 2015 ж.
"Маңғыстау облысының
жер қатынастары басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.Д. Дүзмағанбетов
24 ақпан 2015 ж.
"Маңғыстау облысының
қаржы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Б. Әлібекова
24 ақпан 2015 ж.
"Маңғыстау облысының
табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін уақытша атқарушы
Б.Ж. Ұлықбанов
24 ақпан 2015 ж.
"Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
И.Ы. Құрман
24 ақпан 2015 ж.