Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімінің және шешімнің құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 3/34 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 мамырда № 4569-12 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының келесі шешімінің және шешімнің құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2015 жылғы 21 мамырдағы №25/388 "Ақтау қаласы және Өмірзақ ауылы аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2748 болып тіркелген);

      2) 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №13/159 "Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне қосымшаның 5 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3438 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады