"Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 252 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қыркүйекте № 2831 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 57 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.04.2018 № 57 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.04.2017 № 87 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.04.2017 № 87 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.Б. Әлібекова) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімінің


міндетін атқарушы

С. Алдашев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының қаржы

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      А.М. Толыбаева

      14 тамыз 2015 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 14 тамыз
№ 252 қаулысымен
бекітілген

"Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.04.2017 № 87 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі ЖАО) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.04.2017 № 87 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11154 болып тіркелген) бекітілген "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт), қосымшасына сәйкес, сыйға тарту шарты және мүліктің қабылдау – беру актісі (табыстау актісі).

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.04.2017 № 87 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықты мемлекетке беру туралы ұсынысы мен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар болып табылады.

      4-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

      Ескерту. Регламент 4-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.04.2017 № 87 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесімен құжаттарды қабылдау мен тіркеу – 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттарды қарауы – 2 (екі) жұмыс күні;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты мемлекеттік органының - "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – жауапты мемлекеттік орган) құжаттарды қарауы – күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде;

      4) жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға ЖАО уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) құжаттарды қарауы – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      5) Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысын әзірлеу мен бекіту – күнтізбелік 19 (он тоғыз) күн ішінде;

      6) мемлекеттік органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеу – күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

      3) жауапты мемлекеттік орган;

      4) мемлекеттік органдар.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жолдайды – 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты мемлекеттік органға орындауға жібереді – 2 (екі) жұмыс күні;

      3) жауапты мемлекеттік орган мемлекеттік органдарға сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын мемлекеттік меншікке алуының қажеттігі туралы қорытынды ұсыну үшін сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын беру жөніндегі қолда бар ұсыныс туралы хабардар етеді – күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде;

      4) мемлекеттік органдар тиісті ұсынысты алған күннен бастап сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болу қажеттілі (қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды дайындайды және жауапты мемлекеттік органға жолдайды – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      5) жауапты мемлекеттік орган сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болу қажеттілігі (қажетінің жоқтығы) туралы қорытындыны алғаннан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысын әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына бекітуге шығарады – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысына қол қояды және жауапты мемлекеттік органға жолдайды – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

      7) жауапты мемлекеттік орган қаулыны шығарғаннан кейін мүдделі тұлғаларға Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысын таратып жіберуді жүргізеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      8) мемлекеттік органдар Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысын алған күннен бастап тапсырушы және қабылдаушы тараптар арасында сыйға тарту шартын жасасу және мүлікті қабылдау-беру актісіне (табыстау актісі) қол қою бойынша қажетті шараларды қабылдайды – күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде.

      8. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара рәсімдерінің (іс-қимылдарының) тәртібін, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын сипаттау, осы "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.04.2017 № 87 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқығын сыйға тарту шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

"Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға тарту шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету Бизнес-процесстерінің анықтамалығы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.04.2017 № 87 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Шартты белгілер



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады