Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 06.10.2017 № 229 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" № 290 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 2546 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 желтоқсанда "Маңғыстау" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
"Cпорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына төленетін ай сайын ақшалай үлестің мөлшері" кестесіндегі:
"Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Маңғыстау бокс клубы" МКҚК" деген сөздер мен аббревиатура "Маңғыстау бокс клубы" ЖШС" деген сөздермен және аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 3-қосымшасында:
ай сайын ақшалай үлес алуға белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамына (бұдан әрі – Құрам):
Мухалев Александр Евгеньевич құрам мүшесі, ардагер-спортшы
Науризов Дабыл Тапаевич құрам мүшесі, ардагер-спортшы
енгізілсін;
көрсетілген Құрамнан Р.А. Мелкумов, В.М. Пустоветов шығарылсын.
2. "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.И. Пахомов) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
С.Б. Нарешова
16 қазан 2015 жыл
"Маңғыстау облысының
дене шынықтыру
және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.И. Пахомов
16 қазан 2015 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 316 қаулысына қосымша |
Спорттың ойналатын түрлері бойынша
Қазақстан Республикасы құрама командаларының
(ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне төленетін
ай сайын ақшалай үлестің мөлшері
лауазым атауы | адам саны | төленетін ай сайын ақшалай үлестің сомасы, АЕК |
"Каспий" кәсіптік баскетбол клубы" ЖШС | ||
спортшы | 10 | 70 |
жаттықтырушы | 2 | 70 |
жетекші | 1 | 70 |
жиыны: | 13 | |
"Каспий" кәсіптік волейбол клубы" ЖШС | ||
спортшы | 6 | 70 |
жаттықтырушы | 2 | 70 |
жетекші | 1 | 70 |
жиыны: | 9 |
Ескерту:
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
АЕК - айлық есептік көрсеткіш