Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2024 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының спортшыларының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2024 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Х.Х. Нұрғалиева) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Қ. Байжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Тоғжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының дене шынықтыру
және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Қ. Байжанов
"6" қазан 2017 жыл
"Маңғыстау облысының экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Х.Х. Нұрғалиева
"6" қазан 2017 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" 10 | |
№ 229 қаулысына | |
1 қосымша |
Cпорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы төленетін ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
Ескерту. 1 - қосымша алып тасталды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2024 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" 10 | |
№ 229 қаулысына | |
2 қосымша |
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері
Ескерту. 2 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2024 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Спорт түрлері, спорттың ойналатын түрлері бойынша жарыстардың жіктелуі | Орын | Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері (айлық есептік көрсеткіш) | |
Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері | ||||
спортшы | жаттықшырушы | |||
1. | Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) | 1 орын | 250 | 75 |
2 орын | 200 | 40 | ||
3 орын | 150 | 23 | ||
4 орын | 90 | 20 | ||
5 орын | 70 | 15 | ||
6 орын | 60 | 10 | ||
2. | Олимпиадалық ойындарға үміткер спортшылар | Олимпиадалық ойындарға қатысу үшін лицензия | 80 | 24 |
3. | Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) | 1 орын | 100 | 30 |
2 орын | 80 | 16 | ||
3 орын | 70 | 11 | ||
4 орын | 50 | 10 | ||
5 орын | 40 | 9 | ||
6 орын | 30 | 8 | ||
4. | Жасөспірімдер арасындағы Олимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) | 1 орын | 100 | 30 |
2 орын | 90 | 18 | ||
3 орын | 80 | 12 | ||
5. | Азия, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) | 1 орын | 120 | 36 |
2 орын | 110 | 22 | ||
3 орын | 100 | 15 | ||
6. |
Жастар арасындағы Азия ойындары | 1 орын | 80 | 24 |
2 орын | 70 | 14 | ||
3 орын | 60 | 9 | ||
7. |
Ересектер арасындағы Әлем чемпионаты | 1 орын | 100 | 30 |
2 орын | 90 | 18 | ||
3 орын | 80 | 12 | ||
8. |
Азия чемпионаты, Дүниежүзілік Универсиада | 1 орын | 80 | 24 |
2 орын | 70 | 14 | ||
3 орын | 60 | 9 | ||
9. | Жастар арасындағы Әлем чемпионаты | 1 орын | 60 | 18 |
2 орын | 50 | 10 | ||
3 орын | 40 | 6 | ||
10. | Жастар арасындағы Азия чемпионаты | 1 орын | 40 | 12 |
2 орын | 35 | 7 | ||
3 орын | 30 | 5 | ||
11. | Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты және Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы) | 1 орын | 60 | 18 |
2 орын | 50 | 10 | ||
3 орын | 40 | 6 | ||
12. | Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты, Қазақстан Республикасының Жастар спорт ойындары | 1 орын | 35 | 11 |
2 орын | 30 | 6 | ||
3 орын | 25 | 4 | ||
Олимпиадалық емес, Паралимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері | ||||
| Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты және Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы) | 1 орын | 60 | 18 |
2 орын | 40 | 8 | ||
3 орын | 30 | 5 | ||
14. | Ересектер арасында Азия чемпионаты | 1 орын | 70 | 21 |
2 орын | 60 | 12 | ||
3 орын | 50 | 8 | ||
15. | Ересектер арасында Әлем чемпионаты | 1 орын | 80 | 24 |
2 орын | 70 | 14 | ||
3 орын | 60 | 9 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" 10 | |
№ 229 қаулысына | |
2-1 қосымша |
Олимпиадалық емес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына және жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
Ескерту. 2-1 қосымша алып тасталды -Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.05.2024 № 79 (алғашқы ресмижарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" 10 | |
№ 229 қаулысына | |
3 қосымша |
Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2546 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 желтоқсандағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған).
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 316 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2868 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 230 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3136 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).