"Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 335 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 желтоқсанда № 2902 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 26.04.2019 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау облысының индустриялық -инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының

      индустриялық-инновациялық даму

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Н.Қ. Қарасаев

      28 қазан 2015 жыл



  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 335 қаулысымен бекітілген

"Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысының аумағында өнеркәсіп пен инновацияны дамыту саласына басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление индустриально-инновационного развития Мангистауской области".

      11. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

      12. Осы Ереже "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      14. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      15. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жергілікті деңгейде өнеркәсіп пен инновацияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру болып табылады.

      17. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

      1) Маңғыстау облысы аумағында бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

      2) инновацияларды тиімді енгізуді және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;

      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетін арттыру;

      4) индустриялық-инновациялық субъектілерге экспорттық әлеуетін дамытуда жәрдем көрсету;

      5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықта жәрдем көрсету;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.

      18. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте келесідей функцияларды жүзеге асырады:

      1) индустриялық - инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты облыс аумағында іске асыруға қатысады;

      2) өңірлік индустрияландыру картасын әзірлейді;

      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуында жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;

      5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;

      6) облыстың экономиканың өнеркәсіптік өңдеу секторы мен инвестициялық жобаларында жергілікті қамтуды арттыруға бағытталған жұмыс жүргізеді;

      7) инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялар тарту бойынша бағдарламалар әзірлеуге қатысады, өңірдің инвестициялық және инновациялық жобалары бойынша деректер базасын қалыптастырады, индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары аясында индустрияландыру Картасына инвестициялық жобаларды қосуды қамтамасыз етеді;

      8) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар береді;

      9) техникалық регламенттерді, оның ішінде Кедендік Одақтың, әзірлеуді және іс-шаралар жоспарын орындауды жүзеге асырады;

      10) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді;

      11) "Өнімділік 2020" бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар қабылдайды;

      12) өңірде "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының ұйымдастыруын және оның жұмыс істеуін іске асырады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:

      1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырып жатқан индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;

      2) мемлекеттік органдардан және ұйымдардан "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;

      3) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) лицензия есебін жүргізуге, сондай-ақ лицензиялық ереженің сақталуын бақылауға;

      5) өтініш берушілердің, заңнамамен белгіленген тәртіпте, біліктілік талаптары мен белгіленген ереженің сәйкестігіне тексеру жүргізуге;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

      7) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдар және өзге де отырыстар өткізуге;

      8) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтары, кеңестер, комиссиялар) құру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      20. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

      1) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

      2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

      3) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

      4) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға.

3. Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметін ұйымдастыру

      21. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      22. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайады және қызметтен босатады.

      23. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын екі орынбасары болады.

      24. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді;

      2) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) заңнамада белгіленген тәртіпте "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады, "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      6) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

      7) барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      8) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

      9) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысын бақылайды;

      10) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген қаржы қаражатының нысаналы жұмсалуына және материалдық құндылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      11) "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа жеке жауапты болады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

      25. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының мүлкі

      26. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      27. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

4. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      30. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы бойынша жүргізіледі.

      31. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

5. Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

      32. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату облыс әкімдігімен жүзеге асырылады.

      __________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады