Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 335 "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2902 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
2. "Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Н.Х. Айтжан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.И. Қилыбайға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Е. Тоғжанов |