Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/436 "Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/98 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 сәуірде № 3310 болып тіркелді. Күші жойылды- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/450 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 28.08.2020 № 37/450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)" Кодексiне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/436 "Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2953 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған эмиссиялар үшін осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленген төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.";

      келесідей мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

      "Ескерту: АЕК – айлық есептік көрсеткіш.".

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Ғұбашов
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      Министрлігі Мемлекеттік кірістер

      комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

      мемлекеттік кірістер департаменті"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      А.Б. Тілегенов

      "23" 02 2017 жыл

      "Қазақстан Республикасы Энергетика

      Министрлігінің Экологиялық реттеу және

      бақылау комитетінің Маңғыстау облысы

      бойынша экология департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      А.А. Сафин

      "23" 02 2017 жыл

      "Маңғыстау облысының

      табиғи ресурстар және табиғат

      пайдалануды реттеу басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.О. Сағынбаев

      "23" 02 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады