2015 жылға Ақтау қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 78 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 ақпанда № 2619 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2015 жылға Ақтау қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) он екі және одан да көп айдан астам жұмысы болмаған адамдар.
      2. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Н. Хайрлиева) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Қала әкiмi                              Е. Жаңбыршин
 
 

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      «Ақтау қалалық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г.Н. Хайрлиева
      30 қаңтар 2015 жыл
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады