РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" 2001 жылдың 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылдың 21 мамырындағы № 504, "Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 қазандағы № 1105 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 бұйрығына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 01.06.2015 жылғы № 5018 және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 08.06.2015 жылғы № 10-11-2091 хаттарын орындау мақсатында Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/153 "Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2337 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) жойылсын.
3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д.Телегенова) осы шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.Шудабаева).
5. 2016 жылғы 01 қаңтарға дейін қолданыста болатын осы шешімнің 10-16 тармақтарын қоспағанда, осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысы | М.Молдағұлов |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Ақтау қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Г.Н.Хайрлиева
03 шілде 2015 жыл.
"КЕЛІСІЛДІ":
"Ақтау қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А.Н.Ким
03 шілде 2015 жыл.
Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 03 шілдедегі № 30/283 шешімімен бекітілген |
Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидалары
1. Осы Ақтау қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді.2. Осы Қағидалар әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі - өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша статистика департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы –отбасының жиынтық табысының айына әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган - "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);
8) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Маңғыстау облыстық филиалы;
9) әлеуметтік көмекті төлейтін уәкілетті ұйым – банк операцияларының сәйкес келетін түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
12) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – шартты ақшалай көмек тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
14) әлеуметтік бейімдеу шаралары-қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған тәртіпте әлеуметтік ортаға бейімделу мақсатында арнаулы әлеуметтік қызмет ретінде, мүгедектерді оңалту құралдары, сонымен бірге жергілікті бюджет есебінен қарастырылған басқа да (тұрғын үй көмегі, жергілікті өкілетті органдардың, шешімімен мұқтаж азаматтар санатына әлеуметтік көмек) шаралар.
Осы Қағидаларда қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.
4. Осы Қағидалар Ақтау қаласына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұратын мұқтаж тұлғалардың жекеленген санаттарына қолданылады.
5. Өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерге мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі – әлеуметтік көмек алушылар) жекелеген санаттарына ақшалай түрде көрсетілетін көмек әлеуметтік көмек деп аталады.
6. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілген жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16 бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек бір жолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) ұсынылады.
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысының әкімдігімен бекітілген ережелер негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) белгілейді және жергілікті өкілді органның шешімдерімен бекітіледі.Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді орган ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
4) жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт жасаған жағдайда беріледі (әрі қарай- әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек).
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін, әлеуметтің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектен басқа, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің тағайындауға жүгінген жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша бір ғана негізбен көрсетіледі.12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) алушының санатын растайтын құжаттарды;
6) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты;
7) әлеуметтік көмек төлейтін уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметті растайтын құжатты;
8) туу туралы куәлік (жоғарғы оқу орнында оқитын студенттер үшін);
9) білім беру қызметін көрсету шартын ұсынады (жоғарғы оқу орнындағы студенттер үшін).
10) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушы үшін жауынгердің отбасы мүшелеріне туысқандық қатынасы бар екенін дәлелдейтін құжаттар;
11) ардагердің жерленген жерін растайтын құжат, мұрағаттық анықтамалары, анықталған жауынгердің жерленген жеріне келіп кетуге және шайқас болған жерлеріне келіп кетуге шақырған тараптың шақырту хаты;
12) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушының жеке басын куәландыратын құжат;
13) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушының тұрақты тұрғылықты тіркелген жерін растайтын құжат;
14) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушының әлеуметтік көмек беретін уәкілетті ұйымдағы банктегі шотының нөмірі туралы мәліметті растайтын құжат:
15) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушы үшін толық жүріс маршрутына (белгіленген орынға бару қайту) темір жол көлігінің барлық категориялы поездардың купелі немесе плацкарт вагондарында және (немесе) "Экономикалық" класстағы әуе көлігіндегі жол жүру билеті және отырғызу талоны;
Межелі жеріне тура баратын темір жол (авиа) қатынастары болмаған жағдайда, жүру билеттері межелі жеріне ең жақын елді мекенге дейін жүру билеттері ұсынылады. Жүру маршруты бірнеше келу және кету мекендерінен тұруы мүмкін.
16) шайқас болған жерлерге және қаза тапқан жауынгерлер жерленген жерге баруға қатысушы үшін қонақ үйде немесе басқа жерде тұрғанына шығынын растайтын құжат.
13. Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) мүдделерінде адамның (отбасының) өз бетінше хабарласа алмауының себебін көрсете отырып, әлеуметтік көмек көрсету туралы өтінішімен:
1) отбасының ересек мүшесі;
2) қамқоршы (сенімгер);
3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген тұлға хабарласаалады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
14. Отбасының (тұлғаның) әлеуметтің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке жүгінген кезде уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткерге оны көрсету шарттары туралы консультация береді және үміткер қатысуға келісім берген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізеді, оның барысында отбасының (тұлғаның) мәселесін, өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктерін анықтайды, сондай-ақ алдын ала:
1) үміткердің әлеуметтің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алуға құқығы;
2) көрсетілетін әлеуметтік бейімдеу шараларының түрлері;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындайды.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы шешімнің 4 және 5 қосымшалары бойынша әңгімелесу парағы ресімделеді және отбасылық және материалдық жағдай бойынша сауалнама толтырылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жолдайды.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2,3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл әкіміне жолдайды.
Ауыл әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы, негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 16 және 17 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Әлеуметтің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының (тұлғаның) жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгінген айдың алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауаппен жазбаша хабардар етеді.
24. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
25. Әлеуметтің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
Әлеуметтің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің -тың біржолғы сомасы әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана қолданылуға тиіс.
26. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Бұйрығына сәйкес есептеледі.
27. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органы белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
28. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451.007.015 бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржылық жылға Ақтау қаласының бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу әлеуметтік көмекті беретін уәкілетті ұйым арқылы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті органымен жүзеге асырылады.
4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу.
29. Құжаттарды ауыл әкімінен немесе учаскелік комиссиядан алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне арналған әлеуметтің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің айлық мөлшерін айқындайды;30. Әлеуметтің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы Шешімнің 25 тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасау үшін "Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесінена жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) жасасады және әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін уәкілетті органға жібереді;
31. Әлеуметтік келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін жеке жоспарды және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты және отбасыға жеке көмек көрсету жоспары нысанын бекіту туралы" бұйрығымен бекітетін нысандарға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады. Жеке жоспар отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының ажырмас бөлігі болып табылажы.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған күні әлеуметтің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
32. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, әлеуметтің келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері қайта қаралмайды.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге осы тіркеу журналына қол қойғызып беріледі.
33. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу:
стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
34. Әлеуметтік көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
5) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшартының бұзылуы және (немесе) келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамауы;
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
35. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.