Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 2921 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 13 қазандағы № 7/58 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 13.10.2021 № 7/58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.12.2019 № 29/314( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.12.2019 № 29/314( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Ақтау қаласының әкімдігіне жеке, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне осы тарифтердің қолданысқа енгізілетін мерзімі туралы хабарлау ұсынылсын.

      3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Шапқан).

      5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Боранбаев
      Қалалық мәслихат
      хатшысы М.Молдағұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қалалық тұрғын

      үй - коммуналдық шаруашылығы

      және тұрғын үй инспекциясы

      бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      Б.К.Ізғалиев

      2015 жылы 11 желтоқсан

  Ақтау қалалық мәслихатының
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 35/335 шешіміне қосымша

Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.12.2019 № 29/314( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Атауы

Есептік бірлік

Құны, теңгемен/ айына ҚҚС есептелмегенде

1.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілер

1 м³

1 198

2.

Жеке тұлғалар

1 адам

223,2


      Аббревиатуралардың ажыратып жазылуы:

      "ҚҚС" - қосылған құн салығы;

      "м³" - текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады