Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 "Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 29/314 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қаңтарда № 4098 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 13 қазандағы № 7/58 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 13.10.2021 № 7/58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы" Ақтау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2921 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы";

      1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы. Көшербай) жүктелсін.

      3. "Ақтау қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы,
Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы
С. Зәкенов

  Ақтау қалалық мәслихатының
  2019 жылғы 12 желтоқсандағы
  № 29/314 шешіміне
  қосымша
  Ақтау қалалық мәслихатының
  2015 жылғы 11 желтоқсандағы
  № 35/335 шешіміне
  қосымша

Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Құны, теңгемен/ айына ҚҚС есептелмегенде

1.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілер

1 м³

1 198

2.

Жеке тұлғалар

1 адам

223,2


      Аббревиатуралардың ажыратып жазылуы:

      "ҚҚС" - қосылған құн салығы;

      "м³" - текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады