"Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Күшін жойған

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 04 наурызда № 378 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 2639 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 04.11.2019 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 187 "Маңғыстау облысының жергілікті басқару құрылымы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 11 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қ. Сәтпаев көшесі, 1 А құрылысы, "Неке сарайы" ғимараты.

      2. Қоса беріліп отырған "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      3. "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Д. Есенова):

      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.

      4. "Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Р. Джантлеуова) коммуналдық меншік нысандарының тізбесіне тиісті толықтыру енгізсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Д.Есеноваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С.Трұмов

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 04 наурыздағы
№ 378 қаулысымен бекітілген

"Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер

      1. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қ. Сәтпаев көшесі, 1 А құрылысы, "Неке сарайы" ғимараты.

      8. Мемлекеттік органның толық атауы – "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      9. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі болып табылады.

      10. Осы Ереже "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      13. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Некені (ерлі-зайыптылықты) және отбасын, ананы, әкені және баланы мемлекеттік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.

      15. Міндеттері:

      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;

      "Азаматтық хал актілері жазбалары" ақпараттық жүйесін жүргізу;

      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету.

      16. Функциялары:

      1) тууды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      2) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;

      4) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      6) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

      7) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      8) ұл (қыз) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      9) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

      "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:

      1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға және жүзеге асыруға;

      2) осы Ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

      3) сотта талапкер және жауапкер болуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

      2) "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      5) өз құзіретінің шегінде "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді.

      "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.

      "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      22. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      "Жаңаөзен қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      25. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      26. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады