Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 758 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 қарашада № 4016 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 10-11-1579 ақпараттық хатының негізінде, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы К. Кусайнов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы К. Кусайновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі М. Ибагаров

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2019 жылғы "4" қараша № 758
  қаулысына қосымша

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 378 "Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2639 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 31 наурызда жарияланған);

      2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 805 "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2881 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 8 желтоқсанда жарияланған);

      3. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 814 "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2913 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 25 желтоқсанда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады