Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2011 жылғы 24 тамыздағы № 43/308 және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 523 "Жаңаөзен қаласының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" шешімі мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 681 қаулысы және Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 08 шілдедегі № 39/318 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 04 тамызда № 2794 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 5)- тармақшасына сәйкес және Маңғыстау облыстық әділет департаментінің 2015 жылғы 01 ақпандағы № 10-11-289 ақпараттық хаты негізінде, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2011 жылғы 24 тамыздағы № 43/308 және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 523 "Жаңаөзен қаласының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" шешімі мен қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-174 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазандағы "Жаңаөзен" газетінің № 41 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешім мен қаулының кіріспе бөлімі жаңа редақцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 5)- тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "4.Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Ғ. Байжанов) және қала әкімінің орынбасары С.Қалдығұлға жүктелсін".
      2. Осы шешім мен қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С.Машкулов
      
      Қалалық мәслихат
хатшысы
С.Мыңбай
      
      Қала әкімі С.Трұмов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады