Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2305 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 қарашадағы № 45 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
15 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге және өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 4 (төрт) еселік табыстары бар келесі санаттағы тұлғаларға ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетпен қарастырылған қаражат шегінде жылына бір рет білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге арналған нақты шығындар бойынша және тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабуға ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
бала кезінен мүгедектерге;
тұлдыр жетімдерге немесе балалар үйінің және балалар ауылының тәрбиеленушілеріне;
ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болған немесе жасы бойынша ата-анасының екеуі де зейнеткер болған студенттерге;
ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;
қызылша екпесінен зардап шеккен орта мектепті бітірген (бітіруші) түлектерге (Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша);
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған кемінде төрт және одан да көп балалары бар отбасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын 23 жастан аспаған балаларына көрсетіледі.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Р.Таумұрынов).
3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (міндетін атқарушы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | К.Жүгенбаева | |
Қалалық мәслихат хатшысы | С.Мыңбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
А.Тұрақова
"21" қыркүйек 2015 жыл
"Жаңаөзен қалалық экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р.Джантлеуова
"21" қыркүйек 2015 жыл