Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 04.11.2019 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Изджанов) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары И. Сағынбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е. Әбілов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңаөзен қалалық дене
шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысы
Б. Д. Изджанов
22 қазан 2015 жыл
2015 жылы 22 қазандағы № 805 Жаңаөзен қаласының әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлдегі атауымен мөрi және мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланктерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған актiлермен рәсiмделетiн шешiмдерді қабылдайды.
7. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қ. Сәтпаев көшесі, 1 А құрылысы, "Неке сарайы" ғимараты, индекс: 130200.
9. Мемлекеттiк органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Жанаозенский городской отдел физической культуры и спорта".
10. Осы Ереже "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Жаңаөзен қаласының әкімдігі "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында, кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
14. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
15. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
16. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1). Жаңаөзен қаласының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
2). бұқаралық, ұлттық спорт түрлері, мүгедектер спорты бойынша Жаңаөзен қаласының құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3). спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша қызметті үйлестіру;
4). қаланың мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шараларды жүргізу.
17. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1). Жаңаөзен қаласының дене шынықтыру және спортты дамытудың жоспарларын әзірлейді және жүзеге асырады;
2). дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
3). спорт түрлері бойынша спорт федерациясымен бірлесіп қалалық спорттық жарыстарды өткізу;
4) қала аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қолдау.
5). заңнамамен белгіленген тәртіпте шарттар жасайды;
18. Құқықтары мен мiндеттерi:
1). меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;
3) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдауға;
4). мәдениет, спорт саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;
5). мекеменің мүддесін барлық құзыретті органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сотта және құқық қорғау органдарында білдіруге;
6). қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
7). Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыруға;
8). Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
19. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
20. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын қызметке Жаңаөзен қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1) мекеме қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) тікелей қала әкіміне бағынады және мекемеге жүктелген функцияларды орындауға жауапты;
3) Қазақстан Республикасы заңнамаларымен және осы Ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеменің қызметі мәселелерін шешеді;
4) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
5) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
6) келісімдер жасайды;
7) сенімхаттар береді;
8) іссапарлар, тәжірибе алмасу және қызметкерлердің біліктіліктілігін арттыру бойынша жоспарларды бекітеді;
9) банк есептерін ашады;
10). мекеменің барлық қызметшілеріне міндетті бұйрық шығарады және нұсқау береді;
11). мекеменің қызметшілерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
12). мекеме қызметшілеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза береді;
13). мекеме қызметшілерінің өкілеттіліктерін анықтайды;
14). жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
15). мекеменің құзіретіне кіретін мәселелерді шешу үшін атқарушы органдардан белгіленген тәртіпте қажетті материалдарды сұрайды және алады;
16). мүдделі ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, мекемелердің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кездесулер ұйымдастыру;
17). заңнамамен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
"Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігін орындауды ол жоқ кезде қолданыстағы заңға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
22. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
"Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздер есебiнен қалыптастырылады.
23. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, заңнамамен басқа белгіленбесе өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебiнен алынған мүлiктi өз еркімен иелігінен шығаруға немесе басқа әдіспен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.