"Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 814 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда № 2913 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 04.11.2019 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Т.Шаудирбаев) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С. Қалдығұлға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е.Әбілов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық жолаушылар

      көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының у.м.а.

      Т.Шаудирбаев

      11 қараша 2015 жыл

  2015 жылғы 11 қарашадағы № 814
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 1.Жалпы ережелер

      1. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ететін орган болып табылады.

      2. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      3. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада берілген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130200, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, қала әкімдігінің ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде: "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Жанаозенский городской отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог".

      10. Жаңаөзен қаласы әкімдігі "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      11. Осы Ереже "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджет кірісіне жіберіледі.

2. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Жаңаөзен қаласы бойынша көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған тиімді іс – шараларды қолдану бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      15. Міндеттері: жолаушылар тасымалын, автокөлік жолдардың құрылысын салу және жөндеу, бағдаршам мен жол белгілерін орнату және күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру.

      16. Функциялары:

      1) жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының дамыту бағдарламаларын және жоспарларының іске асыруын бақылауды жүзеге асырады;

      2) автомобиль жолдарының жолақ бөлігіне сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру жұмыстарын жүзеге асырады.

      3) жолаушылар мен багажды тұрақты қалаішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткізеді, маршруттар бойынша жүру кестелерін бекітеді;

      4) қалаішілік және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

      5) мемлекеттік қызмет көрсету;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бөлімге жүктелген басқа да функцияларын жүзеге асырады.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстар әзірлейді және жүргізеді, олардың орындалысын бақылайды;

      2) мемлекеттік органдардан басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақпаратты сұрау және алу;

      3) коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияны есепке алу, бөлімге қатысты құжаттармен кедергісіз танысу;

      4) қала әкіміне жергілікті инфрақұрылымның даму стратегиясы, бағыттары мен мақсаттары жөніндегі ұсыныстарын енгізу;

      5) тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджетті қалыптастыру мәселелері туралы мәжілістерге қатысу;

      6) өз өкілеттігі шегінде әкімдік және әкім актілерінің әкімдіктің отырысында қарау үшін, жобаларын жасау, анықтамалар құру, ақпараттар мен баяндамалар жасау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.

3. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысын мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, әкімдіктің конкурстық комиссиясының шешімі негізінде қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жеке дара жауапкершілік артады.

      20. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады.

      21. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігі:

      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

      2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;

      3) мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;

      6) шарттар жасасады;

      7) сенімхаттар береді;

      8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

      9) қызметкерлердің іссапарларының, сынақтан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

      12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      23. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      25. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Жаңаөзен қаласының әкімдігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      26. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады