Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 14.08.2015 № 61 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарақия ауданында сайлау учаскесі қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Н.Жұбаназаров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Б.Таубаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Дауылбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарақия аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Атагараев Дуйсенбай Айткалиевич
02 наурыз 2015 жыл
Қарақия ауданы әкімінің
02 наурыз 2015 жылғы
№ 16 шешіміне қосымша
№ 193 сайлау учаскесі
Орталығы: Болашақ ауылы, Қарақия аудандық білім бөлімінің «Болашақ селолық округінің № 10 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (1 қабат, дәліз)
Шекарасы: Болашақ және Бопай ауылдарының барлық үйлері.