"Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қыркүйектегі № 238 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 қазанда № 2839 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 06.06.2016 № 166 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Қоса беріліп отырған "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ж.Муханов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Түркменбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Болашақ ауылдық округінің әкімі

      Муханов Житек Абдурахманович

      07 қазан 2015 жыл

  Қарақия ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "07" қыркүйектегі
№ 238 қаулысымен бекітілген

"Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Қарақия ауданының әкімдігі "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      3. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130300, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 8.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бюджетінен (шығындар сметасы) жүзеге асырылады.

      13. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.

2. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, құқықтары және міндеттері

      15. Миссиясы:

      Ауылдық округты дамытудың мүдделері мен қажеттіліктері байланысымен атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету.

      16. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірде жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқару;

      3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірде жүзеге асыру, демократиялық әдістерімен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешу;

      4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының және олардың елдің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымдарының деңгейін арттыру;

      5) Қазақстан Республикасының Заңдарының, актілерінің, қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      6) ауылдық округтың экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасау, әлеуметтік ахуалды жақсарту, нарықтық қатынастарды, жеке кәсіпкерлікті дамыту, републикалық, облыстық және аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін зерттеу және қорыту;

      7) аудандық және облыстық әкімдіктер мен маслихаттармен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, партиялармен, конфессиялармен және азаматтармен өзара қарым қатынастарды қамтамасыз ету.

      17. Функциялары:

      1) өтініштерді, арыздарды, шағымдарды қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

      2) маслихатқа бекіту үшін бюджеттік бағдарламаларды өңдейді және енгізеді;

      3) салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал етеді;

      4) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

      5) ауылдық округтың коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

      6) шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал етеді;

      7) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      8) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте нотариалдық іс-әрекетті жасауды ұйымдастырады;

      10) аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      11) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      12) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      13) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-көпшілік және ағартушылық iс-шараларын ұйымдастырады;

      14) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

      15) халықтың әлеуметтiк әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

      16) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      17) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді;

      18) қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

      19) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

      20) мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      21) өз құзыреті шегінде елді-мекендерді сумен жабдықтауды және су пайдалану мәселелерін реттеуді қамтамасыз етеді;

      22) ауылдық округті абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      23) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      24) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      25) персоналды басқарудың бірыңғай қызметіне (кадр қызметі) бағынады, кадр бойынша тиісті есептерді береді;

      26) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

      27) бюджеттің орындалуы бойынша орталық уәкілетті органда бақылау есепшотын ашуды қамтамасыз етеді;

      28) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      29) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;

      30) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

      31) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

      32) кіріс көздерін қалыптастырады;

      33) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      1) жергілікті бюджетті бекіту кезінде аудан мәслихаты сессиясының жұмысына қатысуға;

      2) мемлекеттік органдардан ауылдық округ әкімінің құзырына жататын мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды, материалдарды, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратуға және алуға;

      3) аудан әкімдігінің мәжілістеріне, аудан әкімінің жиналыстарына қатысуға;

      4) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден және жеке тұлғалардан құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды, мәліметтерді және ақпараттарды сұратып алуға;

      5) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

      6) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдауға;

      7) мекеменің мүддесін барлық құзыретті органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сотта және құқық қорғау органдарында білдіруге;

      8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;

      9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыруға;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындауға.

3. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.

      20. Ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады, қызметінен босатылады және өз өкілеттігін тоқтатады.

      21. Ауылдық округ әкімінің өкілеттігі:

      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

      2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;

      3) мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық органдарда оның мүдделерін ұсынады;

      6) шарттар жасасады, банктік есеп шоттар ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

      7) сенімхаттар береді;

      8) нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      9) қызметкерлердің іссапарларының, тағылымдамадан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      10) мекеменің қаржы, құқықтық, әкімшілік-шаруашылық және басқа да құжаттарына қол қояды;

      11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шарасын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасайды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімі орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      26. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      27. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады