2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 316 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 2922 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № 165 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 06.06.2016 № 165 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасы Үкіметінінің қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

      2. "Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б.Бекқайыровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімнің
      міндетін атқарушы А.Туркменбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарақия аудандық жұмыспен

      қамту және әлеуметтік бағдарламар

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін атқарушы

      Утарбаева Айгул Утемуратовна

      02 желтоқсан 2015 жыл

  Қарақия ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 02 желтоқсандағы
№ 316 қаулысына қосымша

2016 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Ұйымдар тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстар дың көлемі мен нақты жағдайлары

Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері (теңге)

Қаржы ландыру көзі

Қоғам дық жұмыс тарға сұраныс (адам саны)

Қоғамдық жұмыстарға ұсыныс (адам саны)

1

"Құрық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Маманның көмекшісі, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушы

Құжаттарды жинау және тіркеу

Ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшері

Жергілікті бюджет

35

35

2

"Жетібай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Маманның көмекшісі, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушы

Құжаттарды жинау және тіркеу

Ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшері

Жергілікті бюджет

30

30

3

"Мұнайшы ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Маманның көмекшісі, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушы

Құжаттарды жинау және тіркеу

Ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшері

Жергілікті бюджет

20

20

4

"Сенек селосы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Маманның көмекшісі, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушы

Құжаттарды жинау және тіркеу

Ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшері

Жергілікті бюджет

10

10

5

"Бостан селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Маманның көмекшісі, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушы

Құжаттарды жинау және тіркеу

Ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшері

Жергілікті бюджет

10

10

6

"Құланды селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Маманның көмекшісі, әскер қатарына шақыру қағаздарын таратушы, хат тасушы

Құжаттарды жинау және тіркеу

Ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшері

Жергілікті бюджет

10

10

7

"Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Маманның көмекшісі, хат тасушы

Құжаттарды жинау және тіркеу

Ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшері

Жергілікті бюджет

2

2

8

"Қазақстан Республика сы Әділет министрлігі Маңғыстау облысының Әділет Департаменті Қарақия ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Маманның көмекшісі, хат тасушы

Құжаттарды жинау және тіркеу, құжаттарды жеткізу

Ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшері

Жергілікті бюджет

3

3


Барлығы:





120

120


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады