"Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 170 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 шілдеде № 2775 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 233 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 13.07.2016 № 233 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Қосназарова), қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын, сонымен қатар уәкілетті мемлекеттік органның интернет ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Л.Жонасовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Е.Махмутов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Маңғыстау аудандық мәдениет,

      дене шынықтыру және спорт бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы м.а.

      А.Қосназарова

      18 маусым 2015 жыл

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 18 маусымдағы
№ 170 қаулысымен бекітілген

"Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер

      1. "Ма ңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Маңғыстау ауданды қ мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс және аудан әкімдерінің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттiк органның толық атауы:

      Мемлекеттік тілде: "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      Орыс тілінде: государственное учреждение "Мангистауский районный отдел культуры, физической культуры и спорта".

      4. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауымен мөрi мен мөртаңбалары бар, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар:

      1) Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Маңғыстау аудандық орталық кітапханасы" мемлекеттік мекемесі;

      2) Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      3) Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      6. Маңғыстау ауданының әкімдігі "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      7. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      8. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      9. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      10. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сай бекiтiледi.

      11. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130400, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы, Орталық алаң, 1 үй.

      12. Осы Ереже "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      14. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      15. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.

2. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      16. Миссиясы:

      Аудандық деңгейде мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.

      17. Міндеттері:

      1) мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

      2) мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың қызметін үйлестіру;

      3) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасау және бақылау;

      4) спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін үйлестіру;

      5) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;

      6) ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шаралар жүргізу.

      18. Функциялары:

      1) Маңғыстау ауданының аумағында мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) ауданның мәдениеті мен өнер жетістігін көрсететін аудан көлемінде және одан тыс жерлерде де өзінің ведомствалық бағыныштылығына қарамастан өтетін фестивальдар мен кәсіптік және әуесқой өнер күндеріне, көркемөнерпаздар коллективі мен жеке орындаушылар сайысына, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мәдени-ағарту қойылымдары мен өзге де мәдени демалыс шараларына басшылық жасайды;

      3) жергілікті маңызы бар тарихи-мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      4) жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылымды жасау бойынша шаралар қабылдау;

      5) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      6) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;

      7) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;

      8) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;

      9) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын беру;

      10) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асыру;

      11) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну үшін аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру;

      13) дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

      14) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіру және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету;

      15) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      16) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің қызметін қамтамасыз ету;

      17) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргiзу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабiлеттiлiк пен белсендi ұзақ өмiр сүрудiң жоғары деңгейiне, сондай-ақ iзгiлiк мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткiзу үшiн дене шынықтыру компоненттерiн практикалық пайдалануда халықтың бiлiм деңгейiн арттыру;

      18) мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасау;

      19) мекеменің құзыреті шегінде аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

      20) барлық мекемелерде құзыреті шегінде мәселелерді қарауда мемлекеттің мүдделерін ұсыну;

      21) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

      22) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      23) ауданның мемлекеттік мәдени және спорт ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      24) өз құзіреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      25) мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп аудан әкімдігінің мәдениет және өнер саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдау;

      26) аудан мәдениеті мен өнері саласының даму жағдайына, мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының жағдайына талдау жасау;

      27) ведомстволық бағыныстағы мекеме, кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      28) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

      19. Құқықтары мен міндеттері:

      1) заңмен қойылған ретте өз қызметін орындау үшін мемлекеттік органдардан, қызметтегі тұлғалардан, өзге де кәсіпорындар мен азаматтардан талап етуге;

      2) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;

      3) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдауға;

      4) мәдениет, спорт саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге, басшылық етуге;

      5) заңдарда белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға, кассалық операциялар жүргізуге;

      "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз ведомостволарын бақылау мақсатында:

      1) оларды басқаруды жүзеге асырады;

      2) олардың даму жоспарын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі, бекітеді;

      3) олардың мүліктерінің сақталуына және даму жоспарының орындалысына талдауды және бақылауды жүргізеді;

      4) олардың жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

      5) жыл сайын штат кестелерін бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілгендей оның құзіретіне жататын өзге де мәселелерді шешеді және тексеру жұмыстарын жүргізеді.

3. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      20. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      21. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      22. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

      2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;

      3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;

      6) шарттар жасасады;

      7) сенімхаттар береді;

      8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

      9) қызметкерлердің іссапарларының, сынақтан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

      12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      24. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Оған заңнамада көрсетілгендей шекте мүлікті басқару құқығы берілуі мүмкін.

      26. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі статистика және салық органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметі туралы ақпарат ұсынады.

      27. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кірістерінің мөлшері мен құрылымы, сондай-ақ бөлім мүлкінің мөлшері мен құрылымы, оның шығыстары, қызметкерлерінің саны мен құрамы, олардың еңбегіне ақы төлеу, мекеменің қызметінде азаматтардың тегін еңбегін пайдалану туралы деректер коммерциялық құпия болып табылмайды.

5. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      28. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау ауданы әкімдігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      29. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      30. "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады