Маңғыстау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 233 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ә.Төлемісов) бір апта мерзім ішінде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жіберуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Т.Қылаңов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау аудандық тұрғын
      үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А.Қалиев
      "13" 07 2016 жыл
      "Маңғыстау аудандық мәдениет,
      дене шынықтыру және спорт бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Л.Жонасов
      "13" 07 2016 жыл
      "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Н.Жанбуршиев
      "13" 07 2016 жыл
      "Маңғыстау аудандық азаматтық
      хал актілерін тіркеу бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ж.Оразова
      "13" 07 2016 жыл
      "Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б.Әбуов
      "13" 07 2016 жыл
      "Маңғыстау аудандық ішкі саясат
      және тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      А.Аққұлов
      "13" 07 2016 жыл

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 13 шілдедегі
  № 233 қаулысына
  қосымша

Маңғыстау ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулылардың тізбесі

      1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы №39 "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2633 болып тіркелген, 2015 жылы 10 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;
      2. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 170 "Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2775 болып тіркелген, 2015 жылы 20 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;
      3. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 172 "Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2767 болып тіркелген, 2015 жылы 11 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған ) қаулысы;
      4. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 174 "Маңғыстау аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2773 болып тіркелген, 2015 жылы 20 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;
      5. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 175 "Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2774 болып тіркелген, 2015 жылы 12 тамызда №38 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) қаулысы;
      6. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 234 "Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2799 болып тіркелген, 2015 жылы 20 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады