Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының шекарасын белгілеу және өзгерту туралы

Жаңартылған

Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 02 наурыздағы № 28/194 шешімі және Түпқараған ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 43 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 2672 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 26.12.2024 № 258 бірлескен қаулысы және Түпқараған аудандық мәслихатының 26.12.2024 № 22/117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай–ақ ауылдың басқару органының пiкiрiн ескере отырып, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының шекарасы белгіленсін және өзгертілсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 26.12.2024 № 258 қаулысы және 26.12.2024 № 22/117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы қаулы мен шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы мен шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ерғазиевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Шарипов
      Аудан әкімі Т.Асауов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақшұқыр ауылының әкімі

      М.Ізтүр

      2 наурыз 2015 жыл

      "Түпқараған аудандық жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      И.Науханов

      2 наурыз 2015 жыл

      "Түпқараған аудандық сәулет, қала

      құрылысы және құрылыс бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Қ.Ақыбаев

      2 наурыз 2015 жыл


  Түпқараған ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 2 наурыздағы № 43 қаулысы мен
Түпқараған аудандық мәслихатының
2015 жылғы 2 наурыздағы № 28/194 шешіміне
ҚОСЫМША

Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының шекарасының схемалық картасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 26.12.2024 № 258 қаулысы және 26.12.2024 № 22/117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.




      Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының жерлерінің экспликациясы

Атауы

Ауданы, гектар

Жерлерді қосқанға дейінгі Ақшұқыр ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы

5 501,6551

Ақшұқыр ауылының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы

614,3491

Жерлерді қосқаннан кейінгі Ақшұқыр ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы

6 116,0042, елді мекеннің жерлері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады