Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 43 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 28/194 "Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының шекараларын белгілеу туралы" бірлескен қаулысы және шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 258 бірлескен қаулысы және Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 22/117 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 4759-12 болып тіркелді

      Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының шекараларын белгілеу туралы" Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №43 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы №28/194 бірлескен қаулысы және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2672 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының шекарасын белгілеу және өзгерту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының шекарасы белгіленсін және өзгертілсін.";

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімге қосымша осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі Р. Елтизаров
      Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А. Нугманов

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы 26 желтоқсандағы
  № 258 мен Түпқараған аудандық
  мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 22/117
  бірлескен қаулы және шешімге қосымша
  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2015 жылғы 2 наурыздағы №43 және
  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2015 жылғы 2 наурыздағы №28/194
  бірлескен қаулысы және шешіміне қосымша

Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының шекарасының схемалық картасы




      Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының жерлерінің экспликациясы

Атауы

Ауданы, гектар

Жерлерді қосқанға дейінгі Ақшұқыр ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы

5 501,6551

Ақшұқыр ауылының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы

614,3491

Жерлерді қосқаннан кейінгі Ақшұқыр ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы

6 116,0042, елді мекеннің жерлері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады