Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 97 "2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 228 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қазанда № 2850 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 97 «2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2729 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымдағы № 29 (720) «Ақкетік арайы» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      қосымшада:
      реттік номері 11 жол алынып тасталсын;
      келесі мазмұндағы 14 және 15 реттік номерлі жолдармен толықтырылсын:

14

Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Толағай» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50





28593





9346,68





15

Түпқараған ауданы әкімдігінің оралымды басқару құқығындағы «Алпамыс» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

140





24445





9346,68





      2. «Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж. Төлеген) 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерін көзделген қаржыландыру жоспары шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Утесбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Түпқараған ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                             Т. Асауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады