Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы № 34/235 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қарашада № 2874 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 45/336 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 45/336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 509 бабының 5 тармағына, 704 бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе- жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 18/157 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Түпқараған аудандық мәслихатының аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының бюджеттік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А.Шарипов) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы: А.Тасболатов
      Аудандық мәслихат хатшысы: А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Маңғыстау облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Түпқараған ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы:

      Ж.Өтепбергенова

      29 қазан 2015 жыл


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық ауыл

      шаруашылығы және ветеринария

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы:

      А.Жұмағазиев

      29 қазан 2015 жыл


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      И.Науханов

      29 қазан 2015 жыл


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік

      бөлімі" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін уақытша

      атқарушы:

      Д.Шалабаева

      29 қазан 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады