Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы № 34/235 "Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 18/157 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 сәуірде № 3569 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 45/336 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 45/336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 10-15-242 ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы № 34/235 "Түпқараған ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2874 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қарашада "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      кіріспесі келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 509 бабының 5 тармағына, 704 бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Озгамбаев К.) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Қонақбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Досанова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Маңғыстау облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Түпқараған ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Ж.Утепбергенова

      29 наурыз 2018 жыл

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық ауыл

      шаруашылығы және ветеринария

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      А.Жұмағазиев

      29 наурыз 2018 жыл

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық жер қатынастары,

      сәулет және қала құрылысы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ж.Кулдашов

      29 наурыз 2018 жыл

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық кәсіпкерлік

      және өнеркәсіп бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      Д.Шалабаева

      29 наурыз 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады