"Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 51-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 2681 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 7-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына және "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 187 "Маңғыстау облысының жергілікті басқару құрылымы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 11 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б. Біләлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Тәжібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е. Әбілов

  Мұнайлы ауданы әкімдігінің
10 наурыз 2015 жылғы
№ 51-қ қаулысымен бекітілген қосымша

"Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер

      1. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ішкі саясат және тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, аудан әкімдігінің ғимараты.

      8. Мемлекеттік органның толық атауы – "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      9. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Мұнайлы ауданының әкімдігі болып табылады.

      10. Осы Ереже "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      13. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Мұнайлы ауданында ішкі саяси жағдайларға мемлекеттік реттеулер жасауға, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметтерін үйлестіруге, аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметтерін талдау, іс-қимылдарын алдын ала білу, қоғамды біріктіруге, ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеп, насихаттауға арналған жұмыстарды жүргізіп, ұсыныстар беруге қатысу;

      мемлекеттік тіл саясатын ауданда тиімді жүзеге асыру.

      15. Міндеттері:

      мемлекеттік органдардың және лауазым иелерінің мемлекеттік ішкі саясат жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс және аудан әкімдерінің бөлім қызметіне жататын мәселелері жөніндегі актілерінің орындалуына бақылау жасау;

      Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, насихаттауға, қоғамды демократияландыру институттарының нығаюына қатысу;

      аудан аумағында қоғамдық келісімді, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, мемлекеттік рәміздерді пайдалану саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру;

      тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      16. Функциялары:

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, облыс және аудан әкімдерінің нормативтік актілерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және келісімшарттарды әзірлеу;

      ауылдық округ әкімдерінің, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ішкі саясат жөніндегі ақпараттық-насихаттау қызметіне бақылау жасап, үйлестіріп отыру;

      ауданның ішкі саяси өміріндегі мәселелер бойынша әкімдіктің мәжілістеріне материалдар дайындауға қатысу;

      саяси партиялар, ұлттық - мәдени бірлестіктермен, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

      мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру;

      мемлекеттік тілді қолдану өрісін кеңейтудің, сондай-ақ осы ауданда тұратын халықтар тілдерінің дамуының бағдарламаларын дайындау және іске асыру;

      Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;

      тіл саясатын іске асыру, ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігі мәселелері бойынша, сондай-ақ "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен бірігіп әрекет ету;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік басқару органдарына белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарға, ұйымдарға, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу мәселесіне қатысты тапсырмалар беру;

      мемлекеттік тілді қолдану тәжірибесін талдап қорыту, мемлекеттік басқару органдарына оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жолдау;

      басқа мемлекеттік органдармен, мекемелермен тілдерді дамыту мен насихаттауға бағытталған мәдени-танымдық, қоғамдық-маңызды шараларды дайындау мен жүргізу ісінде өзара әрекет ету;

      ономастикалық комиссияның жұмысын үйлестіру;

      бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      үкіметтік емес ұйымдармен қоғамдық-саяси мәселелер бойынша өзара әрекет жасау;

      қоғамдық-саяси ахуал жөнінде жергілікті атқару органдармен өзара әрекет жасау және ішкі саясат саласындағы негізгі бағыттар бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша өзінің функцияларын орындау үшін мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттар сұрау, мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мәселелер дайындауға тарту, ұсыныстарды қорыту үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласы қызметіндегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру бағытында аудан әкіміне ұсыныстар енгізу, бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де мәліметті дайындауды жүзеге асыру;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастырған шараларына ат салысу;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін ішкі саясат, адам құқығын сақтау және өзге де мәселелер жөніндегі жұмыстары бар мемлекеттік органдардың лауазым иелеріне ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де мәселелерде көмектер көрсету жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;

      аудандық әкімдікке, жергілікті атқарушы органдарға "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіпте ұсыныстар енгізуге;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнаманың сақталуын тексеруге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің мүліктерін бекітуге;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер шығыс сметасы мен кіріс және шығыс қаржылық жоспарын бекітуге;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне берілген мүліктердің сақталуын, пайдалану тиімділігін тексеру жасауға;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің құрылымын анықтауға;

      Қазақстан Республикасы заңдарына сай өзге де құқықтары мен міндеттері.

3. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Мұнайлы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;

      бұйрықтар шығарады;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлер саны мен еңбекке ақы төлеу қорының белгіленген шегінде штат кестесін бекітеді;

      барлық қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;

      заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселесін шешеді;

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      өз құзыреті шегінде басқа да мәселелер жөнінде шешім қабылдайды.

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Мұнайлы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      24. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      25. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6 - бөлім жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 26.06.2015 № 165-қ қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7. "Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі

      1. Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 7 - бөлім жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 26.06.2015 № 165-қ қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады