Әкімдіктің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 326 "Ұзынкөл ауданы Киевский және Куйбышевский ауылдық округтері аумағындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 111 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 5524 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 2 қаулысы мен Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 254 шешіміне сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 326 "Ұзынкөл ауданы Киевский және Куйбышевский ауылдық округтері аумағындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3644 болып тіркелген, 2008 жылғы 24 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша:

      "Киевский және Куйбышевский ауылдық округтері аумағындағы" деген сөздер "Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша:

      "на территории Киевского и Куйбышевского сельских округов" деген сөздер "на территории Киевского сельского округа и села Варваровка" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының әкімі

Н. Садуақасов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады