Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы мен Тоқтаров ауылдық округінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 4 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 418 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 қыркүйекте № 5861 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27–бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес жерлердің экспликациясы бойынша жалпы алаңы 213 гектар Тоқтаров ауылдық округінің өнеркәсіп жерлерінің бір бөлігін Жітіқара қаласының шекарасына қосу жолымен Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының және Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі             Сессия төрайымы
      ______________ Н. Садуақасов         ____________ А. Сапарова

                                           Қостанай облыстық
                                           мәслихатының хатшысы
                                           ____________ С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      жер қатынастары басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ Н. Әбдуов
      2015 жылғы 31 шілде

      «Қостанай облысы әкімдігінің
      сәулет және қала құрылысы басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ А. Бекенов
      2015 жылғы 31 шілде

Қостанай облысы әкімдігінің 
2015 жылғы 31 шілдедегі    
№ 4 қаулысына         
және Қостанай облыстық    
мәслихатының 2015 жылғы   
31 шілдедегі         
№ 418 шешіміне       
қосымша           

Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің
шекараларынан шығарылатын және Жітіқара ауданы Жітіқара
қаласының шекарасына қосылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушылардың атауы

Жалпы алаңы (гектар)

Өнеркәсіп жерлерін шығарғанға дейінгі Тоқтаров ауылдық округінің шекараларындағы жерлер алаңы

50596

Тоқтаров ауылдық округінің шекараларынан шығарылатын өнеркәсіп жерлерінің бір бөлігінің алаңы

213

Өнеркәсіп жерлерін шығарғаннан кейінгі Тоқтаров ауылдық округінің шекараларындағы жерлер алаңы

50383

Өнеркәсіп жерлерін қосқанға дейінгі Жітіқара қаласының шекараларындағы жерлер алаңы

6080

Жітіқара қаласының шекараларына қосылатын өнеркәсіп жерлерінің бір бөлігінің алаңы

213

Өнеркәсіп жерлерін қосқаннан кейінгі Жітіқара қаласының шекараларындағы жерлер алаңы

6293

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады