Әкімдіктің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 322 "Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына кредит беру" бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит берудін негізгі талаптарын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 356 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте № 5875 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 442 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 23.09.2016 № 442 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 322 "Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына кредит беру" бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит беру негізгі талаптарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3694 болып тіркелген, 2009 жылғы 13 қазанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
       кіріспесі жана редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 175, 180-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет қөрсету ережесінің 605-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады