"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғары көрсетілген Ереженің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Ахметжанов |
Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 371 қаулысымен бекітілген |
"Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылық және ветеринария салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
"Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қалалық ветеринария станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
3. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 43 үй.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 08.06.2015 № 1483 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі.
11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті (қалалық) бюджетінен жүзеге асырылады.
13. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің миссиясы ауыл шарушылық, тұтынушылық нарығы және ветеринария салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын орындау болып табылады.15. Міндеттері:
1) ауыл шаруашылық, тұтынушылық нарығы және ветеринария салаларында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттер.
16. Функциялары:
1) ауыл шаруашылық және ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруда, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдардың осы саладағы қызметін үйлестіруде қатысады;
2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
3) ветеринария, ауыл шаруашылық қайта өндеу және тұтынушылық нарығы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз етеді;
4) ветеринариялық өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
5) республикалық ветеринариялық препараттардың қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттардың сақталуын ұйымдастырады;
6) ауыл шарушылығы жануарларды бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастырады;
7) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастырады;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
9) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
10) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
11) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізеді;
12) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізеді;
13) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтейді;
14) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытындысын беру құқығы бар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тізімін бекітеді;
15) Қостанай қаласының аумағында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
16) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізеді;
17) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
18) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, қала аумағандағы ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асырады;
19) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
20) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды;
21) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
22) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;
23) "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсетін құжаттарды қарайды және олар бойынша тиісті жауаптар, ақпараттар және талдау материалдарын әзірлейді;
24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, өз құзыреті шегінде, басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Ведомствоның функциялары:
1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес, энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу;
2) ауыл шаруашылық жануарлардың бірдейлендіру жұмысын жүргізу;
3) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
4) ветеринариялық анықтаманы беру;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, өз құзыреті шегінде, басқа да функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін өз құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік басқару органдарынан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелер мен кәсіпорындардан ақпараты сұратуға және алуға;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, өз құзыреті шегінде, басқа да функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне басшылықты "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.19. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қостанай қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін міндеттерді және өкілеттіктерінің шегін белгiлейдi;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес келісім-шарттар жасасады;
3) "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің барлық жұмыскерлері үшiн мiндеттi бұйрықтарды шығарады және нұсқаулар бередi;
4) "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
5) "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жазаны қолданады;
6) бюджет қаражатының нысаналы қолдануын қамтамасыз етеді;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады;
"Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
23. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:
Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қалалық ветеринария станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.