Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 371 "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5412 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Наш Костанай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 43 үй."
2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген өзгерістердің әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | Ф. Аракелян |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_________________ Г. Каленов