Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 561 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 6889 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қостанай қаласы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      2015 жылғы 16 ақпандағы № 371 "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5412 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Наш Костанай" газетінде жарияланған);
      2015 жылғы 8 маусымдағы № 1483 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 371 "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5753 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде "Наш Костанай" газетінде жарияланған).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Б. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады