"Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 872 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 5589 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1221 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 21.04.2017 № 1221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім А. Ахметжанов

  Қостанай қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 872 қаулысымен бекітілген

"Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
      1) "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің Бассейні" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2) "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің Спорт сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      3) Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Футболдан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 100, ҚЖ2
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы функцияларын қамтамасыз ету.
      15. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) Қостанай қаласындағы дене шынықтыру және спортты дамыту жұмысын ұйымдастыру;
      2) бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан қала құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
      16. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;
      2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша қалалық спорт жарыстарын ұйымдастыру;
      3) Қостанай қаласы аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
      4) спортшыларға 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-разрядты жөсөсірімдік спортшы, 2-разрядты жасөспірімдік спортшы, 3-разрядты жасөспірімдік спортшы спорттық разрядтарын беру;
      5) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатттар: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру;
      6) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;
      7) ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      8) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      9) қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін қамтамасыз ету;
      10) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейінен, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттыру;
      11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру;
      Ведомостовалардың функциялары:
      "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің Бассейні" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
      1) мәдениет және спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
      2) спорт секцияларының, су аттракциондарының, тренажер залдарының қызметін ұйымдастыру;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
      "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің Спорт сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:
      1) спорттық үйірмелердің, тренажер залдарының қызметін ұйымдастыру;
      2) қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары үшін ғимарат беру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
      Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Футболдан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
      1) жасөспірімдер мен жастар арасында дене тәрбиесін жан-жақты дамыту және денсаулықты нығайтуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмысын жүзеге жүргізу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) конференциялар, семинарлар және басқа да оқыту түрлерін және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және өткізуге қатысу;
      2) дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламаларын, жоспарларын жүзеге асыру;
      3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан өз құзыреті шегінде қажетті мәліметтерді, материалдарды және құжаттарды сұрату және алу;
      4) "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамамен ұсынылған өзге де құқықтар мен міндеттерге ие бола алады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қостанай қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ;
      21. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
      2) барлық мекемелерде "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсынады;
      3) заңнамада көзделген жағдайларда және құзыреті шегінде мүлікті иелік етеді;
      4) шарттар жасасады;
      5) сенімхаттар береді;
      6) қаржы құжаттарына қол қою құқығына ие болады;
      7) "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
      8) "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      9) "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      10) "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
      11) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      22. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің Спорт сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің Бассейні" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Футболдан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады