Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 347 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 5877 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 233 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 28.03.2018 № 233 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 422-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-122 тіркелген, 2009 жылғы 9 сәуірде "Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкаларының" деген сөз "мөлшерлемелерінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің қосымшасында қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша "ставкаларының", "ставкасы" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерінің", "мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы, № 3 сайлау
округі бойынша депутаты
Б. Абдрахманова
      Қостанай қалалық
мәслихатының хатшысы
Н. Халыков

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік

      кірістер комитеті Қостанай

      облысы бойынша мемлекеттік

      кірістер департаментінің

      Қостанай қаласы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________ С. Доненбаев

      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ Н. Дорошок

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады