Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 15.05.2018 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2012 жылғы 25 шілдедегі № 60 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-198 тіркелген, 2012 жылғы 4 қыркүйекте "Наш Костанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкалары" деген сөз "мөлшерлемелері" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, № 3 сайлау округі бойынша депутаты |
Б. Абдрахманова |
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы |
Н. Халыков |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Қостанай
облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің
Қостанай қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ С. Доненбаев
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Н. Дорошок