Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 15.05.2018 № 243 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімінің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкалары" деген сөз "мөлшерлемелері" деген сөзбен ауыстырылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 13.08.2015 № 348 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381-бабына, 386-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ
1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері мөлшерінің ұлғаюы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын Қостанай қаласы жақын жатқан елді мекен болып айқындалсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы |
Н. Халықов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________ Р. Айтқожинова
"Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________ Н. Дорошок
"Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша Салық
департаментінің Қостанай облысы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекеме бастығының
міндеттерін атқарушы
____________ Қ. Мензарипов
Мәслихаттың 2012 жылғы 25 шілдедегі № 60 шешіміне қосымша 1 |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Автотұрақтар (паркингтер) санаттары |
1 | Ашық түрдегі жер үсті автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат |
2 | Жабық түрдегі жер үсті бірқабатты автотұрақтар, жер асты бірқабатты автотұрақтар | 2 санат |
3 | Жабық түрдегі пандустары (рампалары) бар немесе механикаландырылған қондырғаларды қолданылатын жер үсті көпқабатты автотұрақтар, пандустары (рампалары) бар немесе механикаландырылған қондырғаларды қолданылатын көпқабатты жер асты автотұрақтар | 3 санат |
Мәслихаттың 2012 жылғы 25 шілдедегі № 60 шешіміне қосымша 2 |
Автотұрақтар (паркингтер) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері мөлшерінің ұлғаюы
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 13.08.2015 № 348 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Ұлғайтылған базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшерлері |
1 | 1 санат | 10 есе |
2 | 2 санат | 9 есе |
3 | 3 санат | 8 есе |