"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай қалалық мәслихаты мынадай шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:
1) 2012 жылғы 25 шілдедегі № 60 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық мөлшерлемері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-1-198 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 қыркүйекте "Наш Костанай" газетінде жарияланған);
2) 2015 жылғы 13 тамыздағы № 348 "Мәслихаттың 2012 жылғы 25 шілдедегі № 60 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5878 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйекте "Наш Костанай" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, № 14 сайлау округі бойынша депутаты |
О. Игимбаева |
Қостанай қалалық мәслихаты хатшысының міндеттерін атқарушы |
А. Кабдулинова |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Қостанай қаласы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
_________________ Ж. Акилбекова