"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 3 қазандағы № 133 "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4275 тіркелген, 2013 жылғы 15 қарашада "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қағидаларында:
7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 150 мың теңге мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті сессияның төрайымы | Е. Цвентух |
Мәслихат хатшысы | Н. Шалдыбаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Арқалық қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ К. Омарова