Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 197 "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 423 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 6050 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 15.03.2016 № 85 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 197 "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5702 тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде "Арқалық хабары" қалалық апталық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі:
      16 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің қағидаларын тиісті мәслихатына бекітуге ұсыну;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімнің орынбасары Д.И. Нұрлыбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Арқалық
 
қаласының әкімі
Ғ. Бекмұхамедов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады