Лисаков қаласында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қаңтарда № 5336 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 26.01.2016 № 45 қаулысымен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 720-баптарына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін, ең төменгі айлық жалақыдан кем емес 2 мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
      3. Еңбекақы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты төлеуге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.П. Сенчевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 01 қантардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
 
 

      Лисаков қаласының әкімі

М. Жүндібаев


Әкімдіктің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 қаулысымен
бекітілген

Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары,
қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу мөлшері
 


 

Ұйымның атауы
 

Жұмыс түрлері
 

Жұмыстың көлемі, сағатпен
 

Еңбекақы төлемі
 

Нақты жұмыс жағдайлары
 

1
 

«Уста плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
 

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Лисаков қаласының, Октябрь кентінің, Красногор ауылының аумағын көгалдандыруға және абаттандыруға қатысу
 

78720
 

Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері
 

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екi демалыс күнiмен, бір сағаттан кем емес түскі үзiлiспен
 

2
 

«Қостанай облысының прокуратурасы Лисаков қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі
 

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, құжаттаманы өңдеу бойынша көмек көрсету
 

3936
 

Ең төменгі айлық жалақының 2 мөлшері
 

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қарастырылған шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екi демалыс күнiмен, бір сағаттан кем емес түскі үзiлiспен
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады